Паралимпиада: Өзбекстан қоржынына алғашқы медал түсті
Францияда өтіп жатқан «Париж-2024» жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер мен әйелдер арасында С13 класында 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзу финалдық кезеңі өтті.
Әйелдер арасындағы жарыста Муслима Одилова 1:05.43 уақыт көрсеткішімен қола медальға ие болды.
Осы бағытта тағы бір өкіліміз Шохсанам Тошпулотова мәреге сегізінші болып келді. Ерлер арасындағы осы қашықтықтағы жарыстарда жерлестеріміз Музаффар Турсунхуджаев 5-ші, Кирилл Панков 6-шы болып мәреге жетті.
Осылайша, Паралимпиада ойындарының алғашқы күнінде делегациямыздың қоржынына бір қола медаль түсті.


