Өзбекстанның Бірінші ханымы жаңадан құрылған альянста маңызды бастамалар ұсынды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 31-сессиясы (COP31) аясындағы іс-шараларға қатысуы нәтижелі аяқталды.
Сапар аясында Өзбекстанның Бірінші ханымы Зироат Мирзиёева Анталия қаласында өткен жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты. Жиында «Нөлдік қалдық» (Zero Waste) жаһандық альянсының құрылғаны жарияланды.
Альянс мемлекеттер мен үкімет басшыларының жұбайларын табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалдықтарды азайту қағидаттарын ілгерілету жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Кездесуде сөз сөйлеген Зироат Мирзиёева шақыруы мен шынайы қонақжайлығы үшін Түркияның Бірінші ханымы Эмине Ердоғанға терең ризашылығын білдіріп, оның «Нөлдік қалдық» бастамасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосып жүрген жеке үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, осынау жаһандық альянстың құрылуын қолдады.
Өзбекстанның Бірінші ханымы альянс аясында экологиялық білім беруді дамытуға, сондай-ақ жастар ұсынған экологиялық жобаларды қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған бірқатар бастама көтерді.