Өзбекстанда мемлекеттік қызмет көрсету саласына озық шетелдік тәжірибе енгізіледі
ӨР Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметтер департаментінің басшысы Элдор Махкамов бастаған делегация Еуропа мемлекеттік басқару институтында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысуда.
Осы сапар барысында мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттің қатысуын қысқарту, нарықтық тетіктерді дамыту және жекеменшік сектордың қатысу аясын кеңейту бойынша Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесіне ерекше назар аударылып отыр.
Атап айтқанда, Люксембург пен Еуропаның басқа да елдерінде мемлекеттік қызметтерді жекеменшік секторға беру өлшемдері мен тетіктері зерттелді. Озық тәжірибені Өзбекстан жағдайында қолданудың әдістемелік негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттің өзгеріп отырған рөлі, мемлекет қарамағында сақталатын функциялар және оның негізгі себептері талқыланды.

Озық халықаралық тәжірибе негізінде алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі одан әрі жетілдірілетін болады.