Өзбекстан Президенті Корея Республикасының Ұлттық мемориалдық кешеніне барды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясындағы іс-шаралар ел азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған отаншыл азаматтардың рухына тағзым етуден басталды.
Мемлекет басшысы жұбайымен бірге Сеулдегі Ұлттық мемориалдық кешенге барып, Естелік бағанының алдына гүл шоғын қойды және Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.




