Өзбекстан мен Оман арасында ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды
Маскат қаласында жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің қатысуымен екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті.
Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, ынтымақтастықтың барлық бағытын дамытуға жол ашады.









Сондай-ақ рәсім барысында визалық талаптардан өзара босату, өнеркәсіптік кооперация, қаржы және экономика, жеңілдікті сауда, еркін экономикалық аймақтар, кеден, көлік-логистика, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялар, тұрғын үй және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және адами ресурстар, білім, мәдениет пен спорт, басқару және мемлекеттік қызмет, мұрағат ісі және басқа да салалар бойынша 30-дан астам құжатқа қол қойылды.