Өзбекстан мен Ұлыбритания сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтады
Ташкентте Өзбекстан – Ұлыбритания бірлескен экономикалық комитетінің екінші отырысы өтті. Өзара сенімге негізделген жиында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны өрістету және тікелей инвестиция тартудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.
Алқалы жиынға Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов пен Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Анас Сарвар тең төрағалық етті. Тараптардың мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 12,6 пайызға өсіп, шамамен 250 миллион АҚШ долларына жеткен.
Келіссөз барысында өзбекстандық өнімдерді Ұлыбритания нарығына шығару, сертификаттау рәсімдерін жеңілдету және саудадағы тосқауылдарды жою мәселелеріне баса назар аударылды. Осы орайда Ұлыбританияның дамушы елдерге арналған сауда преференциялары жүйесінің (DCTS) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.
[gallery-31850]
Сонымен қатар, тараптар жалпы құны қомақты 46 бірлескен жобаны жүзеге асыру, «UK Export Finance» экспорттық-кредиттік агенттігінің қатысуымен қаржыландыру тетіктерін кеңейту жөнінде уағдаласты. Атап айтқанда, маңызды минералдар, электротехника, фармацевтика және көлік машинасын жасау салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге уағдаласты.
Нәтижелі кездесу соңында сауда, инвестиция, өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, қаржы және денсаулық сақтау салаларында қол жеткізілген келісімдерді бекітетін қорытынды хаттамаға салтанатты түрде қол қойылды.
суреттерді түсірген Н.Хайдаров, ӨзА