Омандық инфлюенсерлер мен туроператорлар Өзбекстанның туристік әлеуетімен танысты
Өзбекстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау мақсатында Оманның танымал инфлюенсерлері мен туроператорларына еліміз бойынша арнайы таныстыру туры ұйымдастырылды.
Бұл сапар Маскат–Ташкент бағытындағы тікелей әуе рейстерінің іске қосылуына орай ұйымдастырылып отыр. Одан көзделген мақсат – Өзбекстанның бай туристік мүмкіндіктерін Оман нарығында кеңінен таныстыру.
Сапардың алғашқы күні қонақтар Ташкент қаласының басты көрікті орындарын, атап айтқанда Ислам өркениеті орталығын аралады. Сондай-ақ Ташкент облысындағы «Амирсай» тау-шаңғы курортында Өзбекстанның тау туризмі саласындағы әлеуеті таныстырылды.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар Жызақ облысындағы «Зомин» туристік-рекреациялық аймағы мен Самарқанд қаласына да барады. Олар аталған өңірлердің тарихи-мәдени мұрасымен, заманауи туристік нысандарымен, қонақ үй инфрақұрылымымен және көлік жүйесімен жақынырақ танысады.
Таныстыру сапарының қорытындысы бойынша Өзбекстанның туристік мүмкіндіктері Оманның әлеуметтік желілерінде және кәсіби туристік платформаларында кеңінен насихатталатын болады. Өз кезегінде бұл Өзбекстанға деген туристік қызығушылықты арттырып, елді омандық саяхатшылар үшін тартымды бағыт ретінде ілгерілетуге ықпал етпек.