Оманда Өзбекстанның тау-кен саласындағы инвестициялық әлеуеті таныстырылды
Бүгінде тау-кен өнеркәсібі стратегиялық маңызы артып келе жатқан салалардың бірі ретінде жаңа инвестициялар мен заманауи технологияларды тартуға басымдық беріп отыр.
Осынған орай, Өзбекстан Республикасы делегациясының Оман Сұлтандығына сапары аясында тау-кен өнеркәсібі мен геология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесу мен келіссөздер өтті.
Кездесулер барысында инвестициялық серіктестікті дамыту, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, перспективалы кен орындарын игеру және жаңа жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды.
Сапар барысында Өзбекстан делегациясы Оманның «Minerals Development Oman» (MDO) компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Өзбекстандағы перспективалы аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру, минералдық ресурстарды игеру және осы бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ «Tasnim Group» компаниясымен маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, перспективалы аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізу және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесулер Оманның мемлекеттік ұйымдары мен жеке сектор өкілдерімен де жалғасын тауып, онда Өзбекстанның тау-кен саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері, салаға озық технологияларды тарту, геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Келелі кездесулер барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі мен геология салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту, сондай-ақ перспективалы жобаларды жүзеге асыру бағытындағы байланысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.