Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қызылша жұқтырғандар санының артуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Тиісті шешімге штат губернаторы Кэти Хокул қол қойды.
Биыл жыл басынан бері Нью-Йоркте қызылшаның 108 жағдайы расталған. Оның 92-сі шілде айының ортасынан кейін вакцинация деңгейі салыстырмалы түрде төмен 18 ауылдық округте анықталған.
Төтенше жағдай режимі аясында халыққа қызылша, паротит және қызамыққа қарсы MMR вакцинасын алу мүмкіндігі кеңейтіліп жатыр. Атап айтқанда, кейбір медицина қызметкерлері мен фармацевтерге вакцина салуға қосымша өкілеттіктер берілді. Төтенше жағдай режимі 4 қарашаға дейін жалғасады.
Көршілес Пенсильвания штатында жағдай одан да күрделі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, мұнда қызылша жұқтырғандар саны 1 004 адамға жеткен.
АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) есебінде ел бойынша қызылшаның 3 887 расталған жағдайы тіркелгені көрсетілген. Бұл 2025 жылғы 2 289 жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай көп.