Әндіжан мемлекеттік техникалық институтының түлектеріне дипломдар табысталды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Бабыр қаласында Әндіжан мемлекеттік техникалық институтының 2026 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.
Салтанатты шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, институт басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, білім беру саласының ардагерлері, ірі жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері, бакалавриат пен магистратураны табысты аяқтаған түлектер және олардың ата-аналары қатысты.
[gallery-30359]
Сонымен қатар, атаулы кеш барысында Алматы қаласында өткен «Almaty TechCup XII: Age of AI – Future Race» халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанған институт студенттері марапатталды.
Айта кетейік, биыл Әндіжан мемлекеттік техникалық институтын көлік, энергетика, құрылыс, экономика және өзге де 30-дан астам білім беру бағыты бойынша жалпы 1864 түлек сәтті тәмамдады.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
суреттерді түсірген З.МУРЗОҚОВ,ӨзА