Мұхаммед Салахтың жаңа клубы белгілі болды
Түркияның «Трабзонспор» клубы Англияның «Ливерпуль» командасының бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Салахпен келісімге келді.
«Hurriyet» басылымының хабарлауынша, Салахпен 5 екі жылдық келісімшартқа қол қою жоспарланған. Оның жылдық жалақысы 17 миллион еуроны құрайды.
Түркиялық БАҚ бұл трансферді «Трабзонспор» тарихындағы ең қымбат келісімдердің бірі ретінде бағалап отыр.
34 жастағы Мұхаммед Салах 2017 жылдың жазынан 2025 жылға дейін «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп, өткен маусым аяқталған соң клубтан кеткен болатын. Ол мерсисайдтық клуб құрамында барлық турнирде 442 матч өткізіп, 257 гол соғып, 123 нәтижелі пас авторы атанды.
Салах «Ливерпуль» сапында Англия Премьер-лигасының, УЕФА Чемпиондар лигасының, Англия кубогының, Англия Суперкубогының, УЕФА Суперкубогының және клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар ол Англия Лига кубогын екі мәрте жеңіске жеткен.