Меtа, Google, Apple компаниялары Өзбекстанда 20 млрд салық төледі
Әлемнің алпауыт компанияларының көшбасшысы саналатын Меtа, Google, Apple сынды компаниялары жыл басынан бері Өзбекстанда 20 млрд сумға жуық салық төледі.
Салық комитетінің хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанда электронды қызмет көрсететін 57 шетелдік компания 23,6 миллиард сум салық төледі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге көп екені хабарланды.
Ең көп салық төегендер қатарында Меtа, Google, Apple компаниялары бар.
Төленген салықтардың 96,5%-ын электронды қызмет көрсететін 10 шетелдік компания үлесіне тура келеді:

Меtа – 8,9 млрд сум;
Google - 6,5 млрд сум;
Apple – 4,5 млрд сум;
Booking.com — 776,8 млн сум;
Amazon — 549,4 млн сум;
Acca - 337,3 млн сум;
Zoom — 333,3 млн сум;
Netflix - 324,7 млн сум
Yandex — 212,1 млн сум;
Хsоllа – 193,4 млн сум.