Мемлекет басшысы Қарақалпақстандағы махалланың жағдайлармен танысты
Президент Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан Республикасына сапары барысында Нөкіс ауданындағы «Дийқан» арна махалласында болып, тұрғындарға жасалған жағдайлармен танысты.
Ауданда мыңнан астам отбасы, жалпы саны 3 600-ден астам адам тұрады. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстар халыққа лайықты тұрмыс жағдайын жасауға, жұмыспен қамтуға және табысын арттыруға бағытталған.

Енгізілген «Ақылды махалла» жүйесі тұрғындардың өтініштерін жедел шешуге, демографиялық мәліметтерді нақты жүргізуге және инфрақұрылымның жай-күйін электронды бақылауға мүмкіндік беріп, махаллада кәсіпкерлікті дамытуға қызмет етіп отыр.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға да ерекше көңіл бөлінген. Инвестициялық бағдарлама аясында 4,5 миллиард сум қаржы есебінен 60 орындық заманауи балабақша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен 1 миллиард сум бөлініп, футбол және воркаут алаңдары салынды.

Халық табысын арттыруда «Бір махалла – бір өнім» қағидаты негізінде омарташылық негізгі бағыт ретінде белгіленген. Қазір махаллада 20-дан астам үйде ара өсіріледі. Бір үйде 50-100 ара ұясынан жылына 1 тоннаға дейін бал алынып, табыс көзіне айналуған.

Мемлекет басшысы махаллада тұратын Бахтияр Жубаевтың үйіне барып, бал өңдеу цехы мен ара ұяларын дайындау барысымен танысты.

Мұнда бір маусымда 2 тонна өңделген бал өнімі сатылып, жылына шамамен 200 миллион сум пайда түседі. Ал шеберханада жылына 250-ден астам ара ұясы дайындалып, ол қосымша 80 миллион сумға дейін табыс әкеліп отыр.

Жыл соңына дейін Омарташылар қауымдастығы кооперация негізінде тағы 100 үйде ара өсіруді жолға қоюды жоспарланған. Бұл көптеген отбасын тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Президент осы жерде аумақ белсенділерімен, ақсақалдармен және жастармен әңгімелесті.


Арал өңірін дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені атап өтілді. Махаллаларда басталған осындай игі істердің ауқымын кеңейтіп, оларды жүзеге асыру қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігі атап өтілді.