«Манчестер Сити» Еуропа суперкубогының иегері атанды
Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Манчестер Сити» мен Еуропа лигасының чемпионы «Севилья» Еуропа суперкубогын сарапқа салды.
Грецияда өткен матчтың негізгі уақытында Юсуф Ан Насиридің баспен соққан добына Коул Палмер жауап голымен есеп ашты. Матчта жаңа ережелер бойынша қосымша бөлімдер жүргізілген жоқ. Пенальтилер сериясында Гудельдің қате соққысы ағылшындық клубқа жеңіс әкелді.
Осылайша, «Манчестер Сити» өз тарихында алғаш рет бұл турнирде жеңіске жетіп, Еуропа суперкубогының иегері атанды.