Ливан араб мемлекеттері арасында өлім жазасын жойған алғашқы ел болды
Бұдан былай өлім жазасы аса ауыр ауыр жұмыстармен қатар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.
Associated Press мәліметінше, 11 тамызда Ливан парламенті елде өлім жазасын жоюды қолдап дауыс берді.
Бұдан былай өлім жазасы аса ауыр қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.
Парламенттегі «Хезболла» қозғалысының блогынан басқа барлық партия өлім жазасын жоюды қолдады.
Осылайша, Ливан араб әлемінде өлім жазасын жойған алғашқы ел атанды.
2004 жылғы қаңтардан бері Ливанда өлім жазасын орындауға бейресми мораторий қолданылып келген еді. Осы уақыт ішінде өлім жазасына қатысты ондаған үкім шығарылған.