Криштиану Роналду жылдың үздік сұрмергені атанды
Сауд Арабияның «Ал-Наср» клубы шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards салтанатында 2023 жылдың үздік сұрмергені атанды.
Португалдық аладоп шебері бұдан бөлек «Таяу Шығыстың үздік ойыншысы», «Жанкүйерлердің саралауы бойынша жылдың үздік футболшысы» атанды.
- Жылдың үздік бапкері — Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»)
- Жылдың үздік клубы – «Манчестер Сити»
- Әйелдер футболындағы жылдың үздік клубы – «Барселона»
- Жылдың үздік жас ойыншысы — Джуд Беллингем («Реал»)
- Жылдың үздік жартылай қорғаушысы — Родри («Манчестер Сити»)
- Жылдың үздік қақпашысы — Эдерсон («Манчестер Сити»)
- Жылдың үздік президенті — Халдун әл-Мубарак («Манчестер Сити»)
- Жылдың үздік спорт директоры — Криштиану Джунтоли
- Жылдың үздік футбол агенті — Жорже Мендеш
- Жылдың үздік журналисі — Фабрицио Романо