Израиль Ливанға тағы да соққылар жасады
Израиль армиясы жексенбі күні таңертең Ливанның оңтүстігіне соққы бере бастағанын мәлімдеді.
Әскерилердің айтуынша, бұл шабуыл «Хезболла» тобының Израиль қауіпсіздік күштеріне қарай екі дрон ұшыруына жауап ретінде жасалған.
Шабуыл алдында Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Араб-Салим қалашығында орналасқан және «Хезболла» пайдаланғаны айтылған ғимараттың маңындағы тұрғындарға эвакуация туралы ескерту жасаған.
Әзірге «Хезболла» Израильдің соққыларына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Reuters мәліметінше, 2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары салдарынан 4 300-ден астам адам қаза тапқан. Олардың арасында 250-ден астам бала, 400-ге жуық әйел және 130-дан астам медицина қызметкері бар.