Индонезияда үш көлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Индонезияның Батыс Ява провинциясында үш көліктің соқтығысуы салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ішінде 17 жолаушысы болған пикап кері бұрылып жатқан сәтте оны артынан жүк көлігі соққан. Осыдан кейін қарсы бағытта келе жатқан тағы бір жүк көлігі де пикаппен соқтығысқан.
«Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенімен, кейін тағы жеті адам алған жарақаттарынан қайтыс болды», делінген хабарламада
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр.