IKA Бас хатшысы қызметінен кетті
Халықаралық күрес қауымдастығы IKA-ның Бас хатшысы ауысты.
31 мамырда Ташкент қаласында IKA-ның жалпы жиналысы өтіп, онда 22 жылдан бері қауымдастықтың бас хатшысы қызметін атқарып келген Умид Якубов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.
Оның орнына IKA техникалық директоры Мухаммад Ризо Насири келесі жылғы сайлауға дейін IKA Бас хатшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.