Хорезмде 9 тонна палау дайындалды
Хиуа қаласындағы «Арда Хиуа» туризм кешенінде «Хорезм палауы» халықаралық ас фестивалі өтті.
Аталған халықаралық фестиваль облыс әкімдігі және оннан астам ұйымның қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында қонақтарға еліміздің 70-тен астам шебер аспазының қатысуымен аспаздық шеберлік сабағы ұсынылып, мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.
[gallery-26728]
Дайындалған хорезм палауының қомақты бөлігі қайырымдылық ретінде облыстағы әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ «Саховат» және «Мехрибонлик» үйлеріне таратылды.
суреттерді түсірген Б.Саидов, ӨзА