Гиннес рекордына енген гүлдер фестивалі көпшілікті тәнті етті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Сұлулыққа ынтық жандарға шынайы көркемдік сыйлап жатқан, Гиннестің рекордтар кітабына енген 65-халықаралық гүлдер фестивалі тек өзбекстандық ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Айтулы шараның алғашқы күндерінде гүлдер мекеніне күтілгеннен де көп турист келді. Атап айтқанда, фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне 513 453 жергілікті және Орталық Азия, ТМД, Еуропа, Америка елдерінен келген 6 385 турист қатысты.
Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, мерекенің алғашқы күні сағат 00:00-дегі жағдай бойынша Наманганға 721 832 жергілікті қонақ пен 14 250 шетелдік саяхатшы келген. Ал 2026 жыл 26 мамыр сағат 21:00-дегі есепке сәйкес, 381 417 жергілікті мейман мен 6 843 шетелдік қонақ гүлдер мерекесінің сән-салтанатын тамашалаған.
[gallery-29687]
Наманган облысының әкімі, сенатор Шавкат Абдураззақов гүлдер шаһарында басталған 65-халықаралық гүлдер фестиваліне келген бірқатар шетелдік қонақтармен кездесу өткізді.
Облыс әкімдігінде өткен кездесуге Түркияның «TIGTurkey» инвестициялық агенттігінің президенті Хайреддин Туран, агенттік вице-президенті Мехмет Селим Арвас, Наманган облысының Түркиядағы туризм елшісі, эбру өнерінің шебері Ахмет Чоктан, сондай-ақ Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан Жазушылар одақтарының мүшесі, танымал қаламгер Бегіжан Ахмедов қатысты.
суреттерді түісрген Х.Мамадалиев, ӨзА