Футзал: Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футзалдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері, испаниялық Хосе Мария Мендес денсаулығындағы күрделі жағдайға байланысты өз өтінішімен қызметінен кетті.
Ол биыл тамыз айының соңынан бері жүрек жеткіліксіздігіне байланысты күрделі медициналық тексерулерден өтіп жүрген.
Алдымен Ташкентте тексерілген маман кейін тереңдетілген медициналық тексеруден өту үшін Испанияның Мадрид қаласына жіберілген.

Испаниялық дәрігерлер Мендеске белгілі бір уақытқа кәсіби қызметінен үзіліс жасап, қарқынды ем қабылдау қажеттігін айтқан.
Осыған байланысты Өзбекстан футзал федерациясының басшылығы оның денсаулық жағдайын ескере отырып, Хосе Мария Мендестің отставкасын қабылдаған.