Францияның 71 жастағы бұрынғы президенті қамаудан босатылды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Енді оның электронды бақылау білезігі шешіледі.
RTL радиосының хабарлауынша, 2012 жылғы сайлау науқаны кезінде қаржы шығынын шектен асырып жіберді деп айыпталған Саркозиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған.
Жазаны өтеу тәртібін жеңілдетуді Саркозидің өзі сұраған. Сот оның өтінішін 5 мамыр күні қанағаттандырды. Мұндай шешім оның жасына байланысты қабылданған. Қазір Николя Саркози 71 жаста. Қаулы 7 мамырдан бастап күшіне енеді.
Алғашында Саркози бір жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін үкім жеңілдетіліп, оған электронды бақылау білезігін тағу шартымен еркіндікке шығуға рұқсат берілген болатын. Енді ол бұл білезікті тақпайды.
Николя Саркози 2007–2012 жылдары Франция президенті қызметін атқарды. Ол ел тарихында нақты түрме жазасына кесілген алғашқы бұрынғы мемлекет басшысы ретінде тарихта қалды.