Элдор Шамуродов Түркияда алғашқы ойынын өткізді
Түркия Суперлигасының 2-турында «Ыстанбул Башакшехир» өз алаңында «Кайсериспорды» қабылдады. Қызықты өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
41-минутта Иван Брнич алаң иелерін алға шығарса, қонақтар 68-минутта Мигель Кардозоның голымен есепті теңестірді.
Өзбекстандық шабуылшы Элдор Шамуродов негізгі құрамда алаңға шығып, 70-минут өнер көрсетті. Ал трансфер мәселелеріне байланысты жартылай қорғаушы Аббос Файзуллаев матчтық тізімге енбей қалды.