Элдар Шамуродов «Дженоа» клубында 10 нөмірде ойнауы мүмкін
Италия А Сериясының «Дженоа» клубы спорт директоры Даниэле Фаджиано өзбекстандық футболшы Элдар Шамуродовтың трансферін растады
Италия А Сериясының «Дженоа» клубы спорт директоры Даниэле Фаджиано өзбекстандық футболшы Элдар Шамуродовтың трансферін растады.
«Metaratings» порталына сұхбат берген Даниэле Фаджиано «Біз келісім шарттары жөнінде бір тоқтамға келдік. Менің ойымша, трансферді аяқтау үшін Шамуродов жақын арада Италияға келеді және біз келісімді жасайтын боламыз», - деген.
2017 жылдан бері Ресей Премьер лигасының «Ростов» сапында ойнап келе жатқан 25 жасты Элдар Шамуродов «Дженоа» клубында өзінің сүйікті 14-ші нөмірінде ойнай алмайды. Өйткені бұл нөмір қазірде команда қорғаушысы Давиде Бираскиге тиісті. Қазіргі кезде клубтың 9 немесе 10 нөмірлі жейделері бос тұрғанына орай Шамуродов осы екі нөмірдің бірінде алаңға шығуы әбден мүмкін.
Италия А Сериясында алғаш доп тепкен өзбек футболшысы Ильяс Зейтуллаев («Ювентус» клубында) болса да оның бұл чемпионаттағы карерасы сәтсіз аяқталды. Ал Элдар Шамуродов Ресей Премьер лигсында үзіктер қатарынан орын алған футболшы ретінде тарихта қалуда.