ЕЧЛ жеребесі: «Реал Мадрид» Алматыға келеді
Биыл турнирге 36 клуб қатысады. Олар дәстүр бойынша 4 себетке бөлініп, жалпы кезеңде әр команда 8 ойын өткізеді. ЕЧЛ-дың бұл кезеңі 16 қыркүйектен 28 қаңтарға дейін созылады. Ал ойындардың нақты күндері 30 тамызда жарияланады.
Қазақстан үшін тарихи сәт: тұңғыш рет топтық кезеңге жолдама алған «Қайрат» клубы нағыз алыптармен күш сынасады. Жеребе қорытындысы бойынша алматылықтар өз алаңында «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Арсенал», «Интер», «Спортинг» және «Копенгаген» сынды клубтарымен күш сынаспақ.
Төменде ЕЧЛ-дың жеребе қорытындысы бойынша төрт топтан орын алған клубтар тізімі көрсетілген.



