«Челси» клубтар арасында Әлем чемпионы атанды
Англияның «Челси» клубы клубтар арасында алғаш рет Әлем чемпионы атанды.
Жыл сайын, алты континенттік конфедерацияның ең күшті командалары арасындағы өтетін жарыс финалында «Челси» Бразилияның «Палмейрас» клубымен күш сынасып, 2:1 есебінде жеңіске жетті.
Абу-Дабидегі Мохаммед бин Зайед атындағы алаңда өткен кездесудің 55 минутында Ромелу Лукаку сол қанаттан асырылған допты баспен қақпаға гол соғып есепті ашқан болса, 64 минутта қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Рафаэл Вейга пенальтиден есепті теңестірді. Кездесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша таймның 117 минутында «Челсидің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Кай Хаверц 11 метрлік айып соққысын голға айналдырып лондондық клубқа жеңіс сыйлады.
Осылайша «Челси» өз тарихында клубы клубтар арасында алғаш рет Әлем чемпионы атанды.