Бейжіңде Өзбекстанның мәдениет күндері ашылды
Бейжің қаласында Өзбекстанның мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, оған Өзбекстан мен Қытайдың Мәдениет министрлері, екі елдің мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Қытай ұлттық опера театрында өткен салтанатты шарада белгілі неміс хореографы және балетмейстері Рауль Раймондо Ребек қойған «Лазги – махаббат пен көңіл биі» атты балет қойылымы көрсетілді.

23 қаңтарда Қытайдың материалдық емес мұра мұражайында Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнерінің көрмесі басталды.
Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков бастаған делегация Бейжіңдегі сапары барысында екі ел арасындағы мәдени-білім саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жаңа жоспарларын айқындап жатыр.

Сонымен қатар Өзбекстан мемлекеттік қолданбалы өнер мұражайы мен Қытай қолданбалы өнер мұражайы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланған.
