«Барселона» Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды
Драмасы мен тартысы мол әрі голдарға толы өткен ойында каталониялық клуб «Реалды» 3:2 есебімен жеңді.
Алдымен Рафинья 36-минутта есеп ашты. Ал бірінші таймның соңғы сәттері нағыз қызу тартысқа ұласты. 45+1-минутта Винисиус таразы басын теңестірсе, екі минуттан кейін Левандовски «Барселонаны» қайтадан алға шығарды. 45+6-минутта «Реал» «Барса» қорғанысындағы ала-құлалықты пайдаланып, есепті тағы да теңестірді.
Екінші тайм шабуылдарға бай әрі өте тартысты өткенімен, тек бір ғана гол соғылды. 73-минутта Рафинья салған шешуші гол «көк-анартүстілер» командасына 16-шы Суперкубокты сыйлады. Ал бапкер Ханс-Дитер Флик финалдардағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.