«Арсенал» 22 жылдан кейін Англия чемпионы атанды
Лондонның «Арсенал» клубы 2025/2026 жылғы маусымда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды.
19 мамыр, сейсенбі күні ең жақын тұрған — «Манчестер Сити» «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түсіп, Микель Артета жаттықтыратын ұжым маусым аяқталуына бір тур қалғанда көптен күткен чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Микель Артета — Пеп Гвардиоланың шәкірті. Ол 2019 жылдың желтоқсанында Унаи Эмериден кейін «Арсеналдың» тізгінін қолға алған болатын. Оның жетекшілігімен команда қатарынан үш маусым бойы екінші орын алып, биылғы чемпионаттың басым бөлігінде көш басында болды.
Бұл жеңіс клуб тарихындағы Англия Премьер-лигасындағы 14-чемпиондық атақ болды. «Арсенал» бұған дейін 2003/2004 жылғы маусымда чемпион атанған еді. Сол маусым футбол тарихында ерекше орын алды. Арсен Венгер баптаған команда бірде-бір жеңіліссіз — 26 жеңіс пен 12 тең ойын нәтижесімен чемпион атанып, «Жеңілмейтіндер» деген атауға ие болған.