Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Германияның Галле қаласында өткен беделді ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирі өз мәресіне жетті.
Финалдық матчта қазақстандық Александр Бублик әлемнің 11-ракеткасы саналатын ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
ATP рейтингінде 45-орында тұрған Бублик турнир барысында бірқатар мықты қарсыластарын, соның ішінде бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасын да жеңіп чемпион атанды.
Бұл Бубликтің кәсіби мансабындағы бесінші ATP титулы, сонымен қатар Галледе екінші мәрте чемпион атанып отыр.
Турнирдегі жеңісі үшін Александр Бублик 500 рейтинг ұпайы мен 471 755 еуро көлемінде жүлде иеленді. Ал Медведев қатарынан бесінші финалында жеңіліске ұшырады.