Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі мен таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия, Ресейдің Sputnik V вакцинасын ел аумағында сертификаттау және тіркеу процесін бастауды мақұлдады.
Арнайы комиссия ақпаратында, Санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне Өзбекстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың алгоритмі мен жеке рәсімін жасау тапсырылған. Бұл процес барысында яғни коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тек ерікті түрде жүргізілуі керектігі айтлып, ең алдымен, коронавирустық ауру жұқтыру қаупі жоғары болған келесі адамдарды вакцинациялау керектігі көрсетілген:
- 65 жастан асқан қарттар мен егде жастағы азаматтар;
- созылмалы аурулары бар адамдар;
- медицина қызметкерлері;
- мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері;
- халықпен тікелей байланыста болатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Сонымен қатар, Республикалық арнайы комиссияның 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Германиямен әуе рейстердің тоқтатылуына қойылған (транзиттік рейстермен республикаға кіру, шығу және кіру) шектеу алынып тасталды.
Бұдан бөлек, қазіргі кезде Өзбекстан аумағында Қытайлық ZN2001 коронавирустық вакцинасының үшінші клиникалық сынақтары өтіп жатқан жағдай жайлы ақпарат айтылып, онда 7 мыңнан астам еріктілер арасында Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы жасаған ZN2001 вакцинасын алғандар арасында жанама әсерлер байқалмағаны айтылды.