ӨзА Қазақ

10.01.2020 Басып шығару нұсқасы

2019 жыл Өзбекстанға 7 миллионға жуық турист келген

2019 жыл Өзбекстанға 7 миллионға жуық турист келген

Бүгін Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің ұжымы өткен жыл қорытындысына арналған брифинг өткізді.

Онда, 2019 жыл Өзбекстнаға келген саяхатшылар саны 6 748 500-ге жеткені жайлы айтылып, 2018 жылда бұл көрсеткіш 5 346 200 құрағанын салыстырмалы түрде көрсетілді.

Туризм комитетінің мәліметінше саяхаттап келген туристердің басым бөлігі Орталық Азия елдерінің азаматтары (5 764 500). Қалғандары ТМД мен басқа шетелдерден келгендер.

Туристердің басым бөлігі (51,3 пайызы) 31-55 жас шамасындағы азаматтар. 20,2 пайызы 55 жас пен одан асқан жастағылар болып, 19,2 көрсеткіші 19-30 жастағыларды құрайған.

Саяхатшылар негізінен Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы, Түркия, Ауғанстан, Қытай, Корея Республикасы, Үндістан сияқты елдерден келген.

2023 жылға қарай Өзбекстан туристер санын 10 миллионға жеткізу жайлы үш жылдық жоспарын жасап, қазірде бұл жоба аясындағы жұмыстар жүргізуде.

20 884
ӨзА