ӨзА Қазақ

12.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан туристер санын 2023 жылға дейін 10 миллионға жеткізбек

Өзбекстан туристер санын 2023 жылға дейін 10 миллионға жеткізбек

Туризм саласы қазіргі таңда әлемдік экономиканың басты бағытының бірі саналады. Өйткені жер жүзінде ешқандай қазба байлықтарынсыз-ақ, ешбір өнімді шетке экспорттмайда тек туризм мен ғана айналысып, ақша тауып байып жатқан елдер жетерлік. Себебі оларда адамзатты тамсандырар, саяхатшыларды өзіне тартар құнды дүниелер механизмін дер кезінде іске қоса алғандығында болса керек.

Сондай бір тетікті платформаны дамыту жолын жақын жылдар ішінде қолға алған Өзбекстан қазірде Орталық Азия аймағында саяхатшылар көп шоғырланар ел ретінде көш бастап келеді.

Биылғы жыл басынан бергі он ай ішінде Өзбекстанға келген саяхатшылар саны 5,5 миллонға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары. Өткен жыл туризм бойынша Өзбекстанға келген саяхатшылардан мемлекеттік қорға 1 млдр доллар көлемінде ақша түскен.
Қазірде 2023 жылға жейінгі үш жылдық туризм жоспары бойынша, саяхатшылар санын 10 миллионға жеткізу көзделген. Ол үшін ең алдымен халықаралық форумдар мен ауқымы кең шаралардың маңызы зор, дейді Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдулхакимов.

13-15 қараша аралығында Ташкентте «Жібек жолындағы туризм» халықаралық туристік жәрмеңкесі өтпек, бұл Өзбекстан мен Орталық Азияның туристік индустриясында ең ауқымдысы болып табылады. 1995 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келетін бұл шараға 26 елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Осы көрмеге алғаш рет Грузиядан халықаралық сарапшылар келетін болады.


32 306
ӨзА