Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті 2020 жыл Жапонияның Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиадалық ойындарына ресми шақырту алды.

Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті 2020 жыл Жапонияның Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиадалық ойындарына ресми шақырту алды. Бұл жайында ұйымның ресми сайтында жарияланды. Халқаралық Олимпиада комиетінің шақырту хатында ХОК президенті Томас Бахтың қолы қойылған.

«Халқаралық Олимпиада комиеті Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетін 2020 жылдың 24 шілдеден 9 тамызға дейін Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысу үшін шақырады».

«Халқаралық Олимпиада комиетінің президенті Томас Бах», - деп жазылған шақырту хатында.

Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді. Қазірде ХОК құрамына 206 мемлекет мүше саналады.

Қазірге шейін өзбекстандық спортшылардан теннис бойынша Денис Истомин мен велоспортшы Ольга Забелинская Токио-2020 жазғы Олимпиадасына, ал Сервер Ибрагимов оқ ату спортында Пралимпиада оындарына жолдамаға ие.

Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасы ойындары 2020 жыл, 24 шілдеден 9 тамыз аралығында өтеді. Өткен аптада осы жарыстарда жеңімпаз атанған спортшылар үшін арнайы жасалған медальдардың таныстырылымы өткен болатын.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Токио Олимпиадасына шақырту алды