ӨзА Қазақ

25.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Токио Олимпиадасы медальдарының презентациясы өтті

Токио Олимпиадасы медальдарының презентациясы өтті

2020 жылы Жапонияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бір жыл қалғандығына байланысты, Токиода үлкен шара ұйымдастырылып онда жарыс медальдары презентциясыда өтті.

Мұнда, ұйымдастырушылар тарапынан Олимпиадаға дайындық жайында сөз барып, олардың атқарып жатқан жұмыстарын Халқаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жоғары бағалады. 

2019-07-24-medals-inside-01.jpg

Сондай-ақ, шараның негізгі бөлімі 2020 жыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін Олимпиада жарысында жеңімпаздарға табысталатын медальдарға арналды. Токио Олимпиадасы медаль дизайнын Жуничи Каваниши жасаған.

Бір қарағаннан медальдың көрінісі жарқыраған асылға ұқсас. Ол өзіне тән ерекшелік болып, бұл дизайн арнайы ұйымдастырушылар тарапынан осылай жасалып, жарыс кезінде жанталасып жеңіс үшін күрескен спортшыларды меңзейді. Ал, таралып жатқан нұр болса қол ұстасып тұрған дүниежүзі адамдары мен оларда пайда болған шынайы достықты көрсетеді. 

IMG_20190724_150210_198-1024x682.jpg

Токио – 2020 Олимпиадасы медальының салмағы, алтын 556 грамм, күміс 550 грамм , қола 450 грамм.

Құрамы: Атын медаль құрамында күмістен жасалған 6 граммды алтын жалатылған. Күміс медельі таза күмістен. Ал, қола медальі мыс және мырыш қоспасынан дайындалған. 


13 609
ӨзА