Ауыр атлетикадан 2020 жылғы Азия чемпионаты Ташкентте өтетін болды
Федерацияның мұндай шешімге келуіне, Қытайдағы коронавирустың өршуіне қатысты болған
Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланған ауыр атлетикадан Азия чемпионатын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ташкентте өткізуге шешім шығарды.
Федерацияның мұндай шешімге келуіне, Қытайдағы коронавирустың өршуіне қатысты болған. Федерация ақпаратында «коронавирустың өршуіне қатысты Қазақстан Республикасының үкіметі аурудың таралу қаупіне байланысты Қытайдың көрші және көршілес елдерінен жолаушылар қозғалысының барлық түрлерін шектеді. Азия ауыр атлетика федерациясы (AWF) атқарушы кеңесі жағдайды шұғыл түрде талқылап, құрлықтық біріншілік өтетін жерді Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстыруға келісті»,-деп мәлімдеген.
Сонымен құрлықтық біріншілік 16-25 сәуір күндері аралығында Ташкентте өтеді.