ӨзА Қазақ

13.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Расул Кушербаев: Журналистерге кедергі жасаған жандар жазаға тарылуын заңмен бекіту қажет

Расул Кушербаев: Журналистерге кедергі жасаған жандар жазаға тарылуын заңмен бекіту қажет

Хабарыңыз бар 2019 жылдың 22 желтоқсанында Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжіліс Заң палатасы және облыс, аудан мен қалалық кеңес депутаттығына сайлау өтеді.

Осы сайлауға байланысты 12 желтоқсанда мерзімінен алдын дауыс беру басталды. Ал елдегі депутаттық сайлаулар жайында шетелдік дипломаттардың пікірі қандай, қазіргі ел ішіндегі қоғам өміріне депутартардың көңілі толама, осы жөнінде Орталық сайлау комиссиясында саяси партия өкілдерімен шетелдік дипломаттар (АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты үйлестірушісі) арасында сұхбат өтті.

11111111111111111111111111111111111111111.jpg

Сұхбатта, БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты үйлестірушісі Хелена Фрейзердің Өзбекстандағы БАҚ бостандығын қамтамасыз етуде депутаттардың орны қандай, деген сұрағына Заң палатасы депутаты Расул Кушербаев бұл мәселеде аса көңілі толмайынын жеткізіп, «Ең алдымен заң аясында қарайтын болсақ, журналистер бостандығы құқықты түрде белгіленген. Алайда, кейбір жағдайларда оларға қолданылып жатқан шектеулер көңіл көншітері анық. Сондықтан болашақта депутаттар журналистер жұмысына кедергі тудыратын , оларға қысым көрсетілген жағдайларға байлансты жауапкершілікті қылмыстық кодекске енгізу керек және бұл депуттардың тікелей атқарар жұмысы. Журналистерге қысым көрсеткен кісі заң аясында жазалануы тиіс, кешірім сұраумен құтылып кетуі керек емес»-деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Ташкент қаласы әкімі жергілікті ақпарат көзі «kun.uz» сайтының журналистеріне қоқанлоққы айтқан сөздері жазылған таспа интернетке тарап, қоғамда наразылықтар туындап артынан екі жақ келіскен түрде бұл мәселе шешілген болатын.

6 652
ӨзА