Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жарияланған журналистерді қорқытумен бопсалаған аудиотаспа Ташкент қаласы әкіміне тиесілі екендігі айтылуда.

Соңғы кездері Өзбекстандағы әкім қаралар мен лауазымды тұлғалардың өз мансабына лайықсыз әрекеттері немесе қоғамдағы азаматтармен арадағы диалогының масқаралы жағдайлары әлеуметтік желілер мен БАҚ баеттерінен түспей келеді.

Жуырда ғана өз масабын жоғары пайдаланып, қоғамдағы қарапайым азаматтарды кемсіткен бірнеше әкімдер мен шенеуніктерге Президенттің өзі тікелей халықтан кешірім сұратқан еді. Өйткені мұндай жағдайлардың жиілеп кеткені әлеумет тарапынан кескін наразылықтар туындауына себеп болды. 

Мемлекет басшысының өзі тікелей араласқаннан соң бұл жағдайлар демде бәсеңсігені байқалды. Бірақ араға сәл уақыт салып күні кеше Ташкент қаласының әкімі Ж.Артикхуджаев БАҚ өкілдері, блогерлер мен журналистердің мансабына өте сұмпайы пікірлер айтып, олардың масқарасын шығару мен бірге көзін құрту сынды сөздермен қорқытқан аудиотаспасы әлемуеттік желілерде таралып, арты интернет беттерінде дауға ұласты.

Осы жағдайға байланысты Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігі, «қала әкімінің тұрпайы мәмілесі адам құқықтары алғашқы орында тұратын мемлекетте елеусіз қалмайды. Бұл жағдайға байланысты Әділет министрілігі мен Бас прократураға хат жіберілетін болады»- деген мәлімдеме жасаса, «Адолат» социял демократиялық партиясы Ташкент қаласы әкімінің аудиотаспадағы айтқан сөздерін адам құқықтары мен қадір-қасиетінің бұзылуы, деп айыптап оған заң жүзінде қатаң шара көрілуін сұраған. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент әкімінің БАҚ өкілдері мен журналистерге айтқан қоқанлоққы сөздері қоғамда наразылықтарға себеп болуда