ӨзА Қазақ

02.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Майкл Помпеоның Өзбекстанға ресми сапары қалдырылды

Майкл Помпеоның Өзбекстанға ресми сапары қалдырылды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майкл Помпеоның жыл басындағы Ташентке жасайтын ресми сапары қалдырылды.

«Өзара келісімге сәйкес, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бастаған АҚШ делегациясының 2020 жылғы 5-6 қаңтарда Өзбекстанға ресми сапары және Ташкенттегі «Орталық Азия-АҚШ (С5 + 1)» форматындағы министрлер кездесуі кейінге қалдырылды. Нақты күндер дипломатиялық арналар арқылы келісіледі», - делінген Өзбекстан СІМ хабарында.

Осыған дейін АҚШ делегациясының ресми сапары хабарланған болып, онда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуі жоспарланған болатын.

5 019
ӨзА