ӨзА Қазақ

30.12.2019 Басып шығару нұсқасы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Өзбекстанға келеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Өзбекстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Майкл Помпео 2020 жыл 5-ші қаңтар күні Ташентке келеді.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарламасында, Майкл Помпео бастаған АҚШ мемлекеттік департаменті делегаттары Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевпен кездеседі.

Осы сапар аясында, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты келіссөздер өтуі жоспарланған болып, онда 2018 жылдың мамырында Вашингтонда өткен жоғары деңгейдегі Өзбекстан-АҚШ кездесу барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуы және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу қарастырылған.

6 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік хатшысы «Орталық Азия – АҚШ» түріндегі министрлер жиналысына қатысып, (C5 + 1), аймақтық ынтымақтастық, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық, шекара қауіпсіздігі және Орталық Азияның сауда және көлік жүйесіне Ауғанстанды біріктіру мәселелерін талқылайтын болады.

Осыған дейін Өзбекстан СІМ-нің хабарында 2020 жылдың 12-13 қаңтар күндері Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен келетіні жайлы айтқан болатын.

5 279
ӨзА