ӨзА Қазақ

11.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда студенттер үлгеріміне қарамай бір мөлшерде степендия алатын болды

Өзбекстанда студенттер үлгеріміне қарамай бір мөлшерде степендия алатын болды

Өзбекстанда бакалавр, магистратура және қосымша екінші мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде ақылы түрде білім алушы студенттер оқу ақысын алдағы уақытта степендиялы немесе стипендиясыз төлейтін мүмкіндік жайлы хабарлаған болатынбыз.

Өзбекстан Республикасы Жоғары және отра арнайы білім министрлігінің биылғы оқу жылына студенттерге арналған тағы бір жаңалығы, алдағы уақытта жоғары оқу ордаларында білім алатын барлық студенттер үлгеріміне қарамай, барлығы 400 000 сум мөлшерінде стипендия алатын болады.

Әлбетте ынталандыруларда сақталынып қалады, сонымен қатар үлгерімі нашар студенттерге де степендиядан айыру шаралары қарастырылған.

Грант негізінде үздік оқып, әр жақтама өзін көрсете алған студенттердің степендиялары 15 пайызға жоғарыласа, дәл сол бағытта оқитын студенттердің үлгерімі 30 пайыздан төмендеп кеткен жағдайда шәкіртақыдан айырылатын болады.

Бұл жаңадан енгізілген жүйе 3-4 курс студенттеріне қатысты емес. Олар алдынғы қолданыстағы жүйемен оқу ордасын бітіретін болады. 

7 422
ӨзА