ӨзА Қазақ

28.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен келеді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен келеді

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сай, 2020 жылдың 12-13 қаңтар күндері Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында Ресей СІМ басшысы Өзбекстан Президентімен кездесуі күтілуде және Өзбекстан СІМ мен екі жақтама келіссөздер өткізу, сондай-ақ Ташкенттегі Мәскеу мемлекеттік халықаралық институтының филиалына бару жоспарланған.

Алдағы келіссөздер барысында екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланып, сыртқы істер министрліктері арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қою жоспарланған.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабары.

6 339
ӨзА