ӨзА Қазақ

27.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбек кинотуындылары арасынан «Оскар» сыйлығы үшін іріктеулер басталды

Өзбек кинотуындылары арасынан «Оскар» сыйлығы үшін іріктеулер басталды

АҚШ киноөнері академиясының ең танымал кинематографиялық марапаты «Оскар» сыйлығының кезектегі 92-ші марапаттауына байланысты, Өзбекстан Оскар комитеті өзбек фильмдері арасынана аталмыш марапатқа үміткер фильмді ұсыну алдынан іріктеу кезеңін жариялады.

2020 жылдың 9-шы ақпанында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін «Оскар» сыйлығының «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына, Өзбекстан Оскар комитеті өзі ұсынған кинотуындыны осы жылдың 1-ші қазан күніне дейін өткізуі тиіс. 

Оған дейін, Өзбекстан Оскар комитеті 12 қыркүйекке дейін кинематографтарға фильмдерді ұсыну бойынша ақыл-кеңестер өткізетін болады. Ал таңдамалы кинолар 13-14 қыркүйек күндері көрсетіліп, 16 қыркүйекте «Оскарға» ұсынылатын фильм анықталатын болады.

Осыған байланысты өзбек кинематографтары 2018 жылдың 1-ші қазан айынан 2019 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейінгі аралықта прокатта болған өз туындыларын 27-ші тамыздан бастап Өзбекстан Оскар комитеті сайтында жарияланған регламентке сай өтініш бере алады.

Кинотуындалар іріктеуіне толық метражды көркем фильмдер мен 40 минуттан кем болмаған хронометражды фильмдер қатысалады. Ең маңыздысы кинотуындылар ағылшын тілінде болмауы керек. Сонымен қатар, ұсынылған фильмдер телеарналар немесе интернет беттерінде көрсетілмеген болуы шарт. 

9 176
ӨзА