Өзбекстанда Volkswagen-нің Caddy, Crafter, Tiguan, Skoda Octavia маркалары шығатын болады
Бұл компаниямен келісім Германия президенті Өзбекстанға ресми сапармен келген кезде жасалған болатын.
Хабарыңыз бар, үстіміздегі жыдың мамыр айының соңына қарай Германия президенті Өзбекстанға ресми сапармен келген болатын. Сондағы екі ел арасындағы келіссөздер нәтижесінде бірнеше құнды келісімдерге қол қойылды. Солардың арасында ерекше маңызға ие келісім Өзбекстанда «Volkswagen» маркалы неміс автокөлігін жасап шығаруы еді.
Осы келіссөздер аясында Өзбекстан нарығында шығатын «Volkswagen»нің Caddy, Crafter, Tiguan, Skoda Octavia маркалы модулдері таңдап алынған. Қазірде «Узавтоөнеркәсіп» зауытының мәліметінше алғашқыда Caddy маркасының 5-ші ұрпағына жатушы 7 оындықты микроавтобус, Crafter рүсімінің 5 тоннаға дейін жүк артуға арналған фургонды 18 орныдықты автокөлігі, сонымен қатар Tiguan жолталғамасы мен С классты Skoda Octavia маркаларын шығару жоспарланған.

Volkswagen Caddy

Volkswagen Crafter

Volkswagen Tiguan

Volkswagen Skoda Octavia
Естеріңізге сала кетсек, «General Motors Uzbekistan» компаниясы, Америка нарығындағы General Motors компаниясының акциялары толықтай Өзбекстан билігіне өткеннен кейін компания атауы UZAUTO MOTORS, деп өзгерген болатын. Содан кейін компания жаңа атау астында бірнеше жаңа жолталғамас «Trailblazer», «Equinox» және «Traverse» автокөлік моделдерін шығаруды жоспарлап жатқанын айтып, Орта Азия нарығына шығарылатын автокөліктің бірін жасап шығару тоқтатылғаны жайлы да, айтып өткен.