ӨзА Қазақ

09.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда «Chevrolet Cobalt» моделін жасап шығару тоқтатылды

Өзбекстанда «Chevrolet Cobalt» моделін жасап шығару тоқтатылды

Хабарыңыз бар өткен апта «General Motors Uzbekistan» атауы «UzAuto Motors» болып өзгерді. Себебі компанияның 25 пайыздық акциясы Американың «General Motors» компаниясына тиісті болған. Енді ол толықтай «UzAuto Motors»-тың қарамағына өтті. 

Күні кеше «UzAuto Motors» АҚ басшысы БАҚ өкілдерімен кездесіп алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Онда, Өзбекстан аумағындағы жетекші автокөлік компаниясы «UzAuto Motors», «Cobalt» рүсімді автөкөлігін жасауды тоқтатуын мәлімдеді. 

Компания «Cobalt» автөкөлігінің орнына жыл соңына дейін жаңа модел жасап шығаруды жоспарлаған. 

Компанияның өткен жылғы пайдасы 1 триллион 375 миллион сумды құраған. Ал биыл, «UzAuto Motors» бірнеше жаңа моделдер шығаруды жоспарлаған. Олар «Trailblazer», «Equinox» және «Traverse» рүсімді жолталғамас көліктері. 

uzauto_motors_azh_uchta_yangi_model_ustida_ishlamo_da.jpg

1996 жылдан бастап өз жұмысын бастаған зауытта, осы уақытқа дейін компания бірнеше рүсімді көлік моделдерін шығаруды тоқтатты (Нексия-1, Нексия-2, Тико, Матиз, Орландо т.б.с.с). Бұл заманмен бірге адымдау қағидасы әрине. Көпшіліктің көңілінен шығатын сұранысқа ие көліктер шығару ол экспорттың артуына да өз септігін тигізеді.

Жылдық қуаты 300 000 мың автокөлік шығару күшіне ие «UzAuto Motors» копаниясы, жыл соңына дейін 250 мың автокөлік шығаруды жоспарлаған. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 220 667 жеткен. Бірақ талап пен сұранысқа байланысты биыл компания көлік жасау көлемін 270 000-ға жеткізу мүмкіндігіні алға тартқан. 


15 171
ӨзА