ӨзА Қазақ

20.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан банктері нақтылай валюталар сата бастады. Доллар бағамы тағыда өскен

Өзбекстан банктері нақтылай валюталар сата бастады. Доллар бағамы тағыда өскен

Өзбекстан Республикасы Орталық банкі елдің ішкі валюта нарығындағы қазіргі жағдай мен айырбастау динамикасы жайында ақпарат беріп, мұндағы валюта нарығын тағыда оңтайландыру мақсатында 20-шы тамыздан бастап Өзбекстан аумағындағы Коммерциялық банктер нақтылай шет ел валютасын сата бастайтынын жеткізді. Енді шетел валютасын ақша айырбастау пункттерінен сатып алу мүмкін. 

Осыған байланысты 2019 жыл 21-ші тамыздан бастап валюталық операциялар бойынша шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасы жарияланды. 

Банк ақпаратына байланысты, 1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағадан 323 сумға артып 9384 сум етіп белгіленген.

1 евро курсы 301,58 сумға қымбаттап, 10 393,72 сумды құраған.

Ресей рубльі 1,67 сумға өсіп 140,14 сумға жеткен.

Еске сала кетсек, валюталар құнын бағамдау кезінде Өзбекстан Республикасының Орталық банкі, аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.


10 366
ӨзА