Францияның «TOTAL Eren» компаниясы Өзбекстанда фотоэлектр станциясын құрмақ
Өзбекстанда күн электр станциясын құру жоспары Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің 2018 жылдың қазан айында Францияға жасаған ресми сапары аясында келісілген болатын.
Қазіргі таңда жер жүзінде электр энергиясына деген мұқтаждық күн өткен сайын артып келеді. Соның есебіненде Өзбекстанда электр энергиясын өндіру станциялары санын көбейту жұмыстары жолға қойылып, олардың бірнешеуініңде құрылысы басталып кетті. (АЭС, ЖЭС)
Солар қатарында, атырап мұхитқа еш залалы жоқ әрі табиғи күн көзінен энергия топтап оны тұтынушыға тасымалдайтын қуаты 100 МВт-ты болған станцияның бірін Өзбекстанда құру жайлы Францияның «TOTAL Eren» компаниясы мен «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ ортасында келісім орнатылды.
Өзбекстанда фотоэлектр станциясын құру жоспары Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің 2018 жылдың қазан айында Францияға жасаған ресми сапары аясында келісілген болатын. Міне бұл жоспар жақын күндері жүзеге аспақ алдында тұр.
Осы жобаға Франциялық серіктестер 150 миллион еуро инвестиция салу ниетте, станцияның құрылысын 2020 жылдың алғашқы ширегінде бастауға уағдаласты.
Өзбекстан ұлттық электр желілері ақпараттық қызметі хабары.