ӨзА Қазақ

13.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Европалық Одақ Өзбекстан өнімдерін Европа нарығына бажсыз импорттауына көмектеспек

Европалық Одақ Өзбекстан өнімдерін Европа нарығына бажсыз импорттауына көмектеспек

Бұл жөнінде Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов Брюсселге жасаған сапары аясында ЕО-ның Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Фил Хоганмен өткен кездесуде талқылады.

Кездесуде Европалық Одақ Өзбекстанға GSP+ бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам тауарды баж салығынсыз импорттауға көмектесуге дайын екендігін айтқан. Ал, біраз уақыт алдын ЕО Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін грант бөліп, қосымша ретінде 5 миллион еуро қаржы бөлген еді.

Қазірде Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жоспарын мақұлдаған, бірақ мүшелікке өтуінің анық датасы көрсетілмеген. Егер Өзбекстан ДСҰ-на мүше болар болса, ЕО-тан ажыратылған 5 млн долларлық грант Арал теңізі аймағындағы жобаларды іске асыруға жұмылдырылатын болады.

19 188
ӨзА