Өзбекстанда алғаш рет Халықаралық химия олимпиадасы өтеді
58-ші Халықаралық химия олимпиадасы Өзбекстанда өтеді. Халықаралық ғылыми дода 2026 жылғы 10–19 шілде аралығында Ташкент қаласында ұйымдастырылмақ.
Бұл беделді шараға әлемнің 90-нан астам елінен ең дарынды оқушылар қатысады. Қатысушылар теориялық және практикалық білімдері, логикалық ойлау қабілеті мен ғылыми әлеуеті бойынша өзара бақ сынайды.
58-ші Халықаралық химия олимпиадасының Өзбекстанда өтуі елдің халықаралық ғылыми беделін одан әрі арттыруға, жас таланттарды қолдауға және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болмақ.